Өңірлер

Автобуста кондуктордың соққысына ұшыраған әйел министрге шағымданды

ІІМ мәліметінше, кондуктор мас болған екен
Sputnik

АСТАНА, 16 шілде — Sputnik. Қалалық автобуста кондуктордың соққысына ұшыраған Алматы тұрғыны ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа шағым түсірді.

Астанада жас қызды елсіз жерде түсіріп кеткен кондуктор жазаланды

Әйел адамның арызы Қасымовтың блогында жарияланған — оның айтуынша, маусымның соңында мас кондуктор өзіне қол жұмсап, салдарынан көзі көгеріп, беті ісіп, миы шайқалған екен. Ал жүргізуші араша түсудің орнына үн-түнсіз қарап тұрыпты. Ол Қасымовтан маскүнемдікке бейім, жүйкесі жұқа адамды жұмысқа алған автопаркті жазалауды сұрайды.

Астанада автобустар кондукторсыз жүретін болады

Қасымов берген жауабында хабарлағандай, №16 автобуста жолаушыны ұрып-соғу жайты "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелген. Күдікті ер адам ұсталып, одан жауап алынды. Кондуктордың мас болғаны анықталған.

Қасымов айтқандай, бұл іс бойынша заңды процестік шешім қабылданады. Министр тергеудің барысы мен нәтижесі жайлы әйел адамды үнемі хабардар етіп отыруға уәде берді.

Автобуста киімін жыртып алған жолаушы арыз түсірді