Оқиға

Балабақша тәрбиешісі 6 жасар қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды

Салдарынан бүлдіршіннің беті күйіп, сол жақ қабағы жарылған
Sputnik

АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Өзбекстанда балабақша тәрбиешісі алты жасар қыздың үстіне ыстық сорпа төгіп алды.

Бала күтушілер интернетте лайк жинау үшін сәбиді шокермен азаптаған

Мектепке дейінгі білім министрлігінде оқиғаның мән-жайын хабарлады. Түскі ас алдында тәрбиешінің көмекшісі қасына жүгіріп келген қызды байқамай, оған соғылып, қолындағы ыстық сорпа құйылған кәстрөлді төгіп алған. Балабақша қызметкерінің епсіздігінен қыздың бетін екінші және үшінші дәрежелі күйік шалды, сондай-ақ сол жақ қабағы жарылған. 

Кейінірек анықталғандай, балабақша басшылығы жедел жәрдем шақырмаған және аудандық мектепке дейінгі білім бөліміне де хабар бермеген. 

Қазіргі таңда тәрбиеші жұмыстан шығарылды, балабақша қызметкерлерінің біліктілігі мәселесі бойынша тексеріс жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

Элиталы балабақшаның тәрбиешісі баланы аяусыз сабап тастаған