Оқиға

Ағашқа жай түсіп, жүкті әйел қаза тапты

Бес адам ағаштың астына жасырынған, біреуі көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Ростов облысының Шахты қаласында ағашқа жай түсіп, жүкті әйел мерт болды.

Қостанай облысында сегіз жасар қызға жай түсті

Сенбі күні Шахты қаласында найзағай кезінде бес адам ағаштың астына жасырынған. Алайда ағашқа жай түсіп, салдарынан жүкті әйел қаза тапты. Қалған төртеуі зардап шеккен. 

"Жүкті әйел көз жұмды. Тағы төртеуі зардап шекті", — де мәлімдеді РИА Новости порталына өңірдің шұғыл қызметіндегі дереккөз. 

Кеше Ростов облысында күн бұзылды. Найзағай жарқылдап, күн күркіреген, кей жерлерде нөсер жауын жауды.

Найзағай түскен жанармай бекеті жарылып кетті

Елімізде найзағай қаупіне байланысты дабылды ескерту жарияланды