Оқиға

Алматыда көлік жарылды, он жастағы қыз зардап шекті

Жүріп келе жатқанн көліктің газ қондырғысы жарылған, зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізілді
Sputnik

АСТАНА, 14 шілде — Sputnik. Алматыда Жандосов көшесінде төтенше жағдай болды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Toyota Ipsum көлігі Жандосов көшесімен шығыс бағытта жүріп келе жатқан. Бір уақытта көліктің газ қондырғысы жарылған. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, көлік майысып қалды.

Алматыда көлік жарылды

Жарылыс салдарынан көлікті ішінде отырған он жастағы қыз зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.