Оқиға

Қарағандыда жанармай құю бекетіне найзағай түсіп, жарылыс болды

Қарағандыда жанар-жағармай құю бекетіне найзағай түсті
Sputnik

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. Қарағандыда жанармай құю бекетіне найзағай түсіп, жарылыс болды. 

Ағаш түбінде пикник жасаған оқушыларға найзағай түсті

Қарағандыда 12 шілдеде Совхоз көшесінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай болды. "Вита Марс" жанармай құю бекетіне найзағай түсіп, төрт колонка жарылған. 

Оқиға орнына бес мамандандырылған техника мен 24 құтқарушы жетті. 

"Өрт сөндірушілер колонкалар мен жанар-жағармай құйылған сыйымдылықтарды салқындату бойынша жұмыстар жүргізілді. Төрт сағаттан кейін апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды", — деп хабарлады Қарағанды облысының төтенше жағдайлар бойынша департаментіндегілер.  

Айта кетейік, елімізде биылғы жылы екі адамға найзағай түсті. 

Бірер күн бұрын 10 шілдеде Қостанайда қайғылы жағдай болды. Дүкеннен шығып, үйіне асығып бара жатқан сегіз жасар қыз жай түсіп мерт болды. 

Сондай-ақ, мамырда Шығыс Қазақстан облысында бақташыға найзағай түсті, бірақ ол тірі қалды.