Қоғам

Астанадағы үш әйелдің өлімі: министр Біртанов түсініктеме берді

Елжан Біртанов Қазақстанда ана өлімі көрсеткішінің өскенін мәлімдеп, себептерін түсіндірді
Sputnik

АСТАНА, 13 шілде — Sputnik. ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанадағы бірінші перинаталды орталықта босанған үш әйелдің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрдің айтуынша, қазір елде ана өлім-жітімінің көрсеткіші өскен. Көп жағдайда жас келіншектердің өліміне ауыр патология себеп болады. 

"Біз кейбір әйелдерге бала көтеруге болмайтынын ескертіп айтамыз, бірақ бәрібір жүктілік болады. Көп жағдайда бұл әйелдер дәрігерге дұрыс қаралмайды. Қазіргі таңда үш жағдай бойынша сараптама әлі жүріп жатыр", — деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Астанада жаңа босанған екі әйел көз жұмды

Біртанов үш ананың өліміне қатысты мәліметтер тергеу аяқталысымен жария етілетінін атап өтті. 

Бұған қоса, ведомство басшысы республикалық деңгейде ана өліміне талдау жасайтын арнайы штаб жұмыс істейтінін айтты. 

Еске сала кетсек, жуырда Астанадағы бірінші перинаталдық орталықта жаңа босанған үш әйел көз жұмған еді. Екі әйел маусым айының соңында көз жұмса, үшінші трагедия шілденің басында болған. Дүниеге келген сәбилер аман. Қайғылы оқиғадан кейін № 1 перинаталды орталықта қажетті тексеріс жүргізілді, қазір мекеме штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

"Күніне 25-30 темекі шеккен" Астанада тағы бір жаңа босанған әйел қайтыс болды

Астанада анасы көз жұмған сәбилердің бірі комаға түсті

Алматыға бара жатқан пойызда әйел адам көз жұмды