Әлем

"Әлем миссисі" Сәния Шәкірованың қазасы: кінәлі ер адам бостандықта жүр

Марқұмның анасы тергеушілер істі әдейі созып отыр деп санайды
Sputnik

АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. "Әлем миссисі" – 30 жастағы Сәния Шәкірованың анасы қызының өліміне себепші болған жүргізушіге бұлтартпау шарасын туысқандарының "келісуі" бойынша өзгертті топшылайды. 

"Әлем миссисі" Сәния Шәкірова зираттың жанында жол апатынан қаза болды

Үш баланың анасы, "Әлем миссисі" атанған қырғызстандық Сәния Шәкірова 3 маусым күні Ыстықкөл облысы Чок-Тал ауылына жақын маңда жол апатынан көз жұмған болатын. Анасының үйіне қонаққа келген әйел қайтар жолда апатқа ұшырады. 

Медициналық сараптамаға сәйкес, көлік жүргізушісі – Қырғызстан ішкі істер министрлігі бұрынғы полковнигінің 31 жастағы ұлының қанынан алкоголь табылған. Апат салдарынан Сәния Шәкірова қаза тапты, ал жүргізушінің бұғанасы сынған. 

Марқұмның анасы Насиба Мәмбетәлиеваның айтуынша, сот жол апатына кінәлі адамға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерткен, қазір ол бостандықта жүр. 

"Бішкекке қызымның қырқын бергеннен кейін келдім. Сол кезде жүргізушіні босатқанын естідім. Бірнеше күн бұрын тергеушіге хабарластым, бірақ телефонды көтермеді. Кеше әрең дегенде сөйлестім, ол маған бұлтартпау шарасын облыстық сот өзгертті деді", — деп мәлімдеді Насиба Мәмбетәлиева Sputnik Қырғызстанға.

Әйел жол апатына кінәлі ер адамның жарақатын сот талқылауына дейін бостандықта жүретіндей соншалықты ауыр деп санамайды. 

"Әлем миссисі" Сәния Шәкірова жол апатына түскен көліктің фотосы жарияланды

"Жол апатынан кейін үш күннен соң, ол сотқа келді, сергек көрінді. Мүмкін, "келісіп" жатқан шығар. Полицияда тергеуші істі соңына дейін жеткіземін деп сендірді, бірақ кеше аяқ астынан "тағы бірнеше адамнан жауап алу керек" деп шығарды. Меніңше, олар уақытты әдейі созып отыр", — дейді әйел. 

Сәнияның анасы жүргізушінің туысқандары қызының өлімі үшін одан кешірім сұрағанын да айтты. 

Бұған дейін ол журналистерге ер адамның қызына үйленуге келісім сұрағанын, алайда кейінірек оның отбасылы, үш баласы бар екені анықталғанын мәлімдеген еді. 

Соттағылар Sputnik Қырғызстанға бұлтартпау шарасына қатысты түсініктеме берді. Сот қаулысына сәйкес, ер адамға қазір ем қабылдау қажет, оның үстіне үш баласы бар.

Олжас Сүлейменовтің немересін қай дөкейдің қызы қақты?

Маңғыстау облысында алты Өзбекстан азаматы тірідей өртеніп кетті