Әлем

Базар маңында 10 жасар қызды зорлаған күдікті анықталды

Белгісіз ер адам қызды орталық базар маңында тапа-тал түсте зорлап кеткен
Sputnik

АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Қырғызстанның Шу ауданындағы Соқұлық ауылында орталық базар маңында орналасқан бақылау камераларынан барлық бейнематериал жиналды. Бұл туралы өңірдің бас ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Ауыл тұрғыны базардың жанында 10 жасар қызды зорлап тастады

Бұған дейін жергілікті базарда анасына көмектесіп жүрген қызды белгісіз ер адам зорлап кеткені хабарланған болатын. Оқиға 10 шілде күні тапа-тал түсте болған. 

Соқұлық ауданының ішкі істер бөлімі Қырғызстан қылмыстық кодексінің 130-бабы "жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша іс қозғады. Сот-медициналық, сот-биологиялық және психологиялық-психиатриялық сараптамаар белгіленді. Жәбірленуші мен куәгерлердің айтуымен күдіктінің фотороботы жасалды, деп жазады Sputnik Қырғызстан. 

Осы істі тергеу ҚР ІІМ, Шу облысы БІІБ және Соқұлық ауданы ІІБ-нің ең тәжірибелі қызметкерлеріне тапсырылған.

"Қызымның жан дауысы шықты". Түркістанда болған оқиға жұрттың үрейін ұшырды

Түркістан облысында жасөспірімді ауылдастары зорлап, видеоға түсірген