Қоғам

Шенеуніктерге смартфон пайдалануға қашан рұқсат етіледі?

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерге жуырда смартфон пайдалануға қайта рұқсат берілуі мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Қазақстанның мемлекеттік мекемелерінде смартфон пайдалануға салынған тыйым биыл қыркүйекте алынып тасталуы мүмкін, деп хабарлады Қазақстанның президенті жанындағы мемлекеттік басқарма академиясының ректоры Фатима Жақыпова.

Байқоңырда әлеуметтік желі пайдалануға тыйым салынды

"Бұл мәселе біраз уақыттан бері қаралып жатыр. Біздің мәліметіміз бойынша, қыркүйекте мемлекеттік қызметшілерге смартфон пайдалануға рұқсат береді. Бірақ бұл ақпараттың нақты екенін әлі білмейміз. Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп ойлаймын", — деді Жақыпова бейсенбі күні брифингте.

Енді мұғалімдер смартфон арқылы оқушыға баға қояды

Оның айтуынша, заманауи цифрлық технологиялар смартфондардың бірқатар функциясын бұғаттай алады.

"Мысалы, iPhone өндіруші компания өз қызметкерлеріне смартфон пайдалану бойынша тосқауылдар қояды. Шетелде, мәселен Ұлыбританияда кей мемлекеттік мекемелерде смартфондардың біраз функциясы бұғатталады", — деді ректор.

Қазақстанда 2016 жылдан бері мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнында смартфон, планшет пайдалануға тыйым салынған. Оның орнына шенеуніктер интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ, фото және видео камера орнатылмаған қарапайым телефон пайдалана алады. Бұл шараны қызметтік ақпарат тарап кетпеуі үшін қолданылады.

Құқық қорғау органдарының қызметшілеріне смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін