АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Жас жігіт Түркістан облысы Абай ауылында зорланғанын мәлімдеді.
Ауыл тұрғыны "Первый канал Еуразия" редакциясына хабарласып, жасөспірім кезінде зорлыққа ұшырағанын айтыпты.
22 жастағы жігіттің айтуынша, 16 жасында оны ауылдастары зорлаған.
"Түнде не болғанын білесің бе деп сұрады. Менімен жыныстық қатынасқа түсіп, видеоға түсіріп алғандарын айтты", — дейді ол.
Жәбір көрсетушілер видеоны Желіге салып, "отбасы мен ата-анасын бүкіл ауылға мазақ етеміз" деп қорқытып, бопсалаған.
Венерологиялық диспансерде жігітке жәбір көрсетушілерден венерологиялық ауру жұққаны белгілі болыпты.
Жігіт бірнеше мәрте полицияға арыз берген, өйткені қолында айғақ жеткілікті екен. Құқық қорғаушылар телефон қоңырауларын да басып шығырапты.
Тұрғынның айтуынша, күдіктілердің туыстары оның әкесіне де қоқан-лоққы жасады. Қылмыскерлер беделді туыстарының арқасында әлі бостандықта жүр, дейді ол.
Зорланғанын мәлімдеген жігіт 2012 жылы Жәнібеков атындағы №73 мектепті бітіріпті. Күдіктілер де сол гимназияның түлектері екен.