Спорт

Роналду "Реалдан" кетті: футболшыны қай клуб сатып алды?

Әлемдегі ең мықты футболшылардың бірі өткен маусымда "Реал" сапында 44 матчқа қатысып, 44 гол соққан
Sputnik

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Криштиану Роналду туриндік "Ювентус" құрамына өтеді, итальяндық клуб футболшы үшін "Реалға" 100 миллиион еуро төлейді, деп хабарлады туриндік клубтың ресми сайты.

Роналду Мессидің соңынан үйіне қайтты

РИА Новости хабарлағандай, испан клубы бұл сомны екі траншпен төлейді. 33 жастағы футболшымен жасалған шарт мерзімі — 2022 жылдың 30 маусымына дейін.

Сонымен бірге, Турин қаласының клубы "қосымша шығындар" мен ФИФА регламенті қарастыратын "ымыраластық механизмі" үшін тағы 12 миллион еуро төлейді.

Роналду  "Реал" құрамында 2009 жылдан бері ойнап келеді, өткен маусымда 44 матч өткізіп, 44 гол соғып, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Кішкентай фанатын жұбатқан Роналду дүйім жұртты елжіретті

Роналду сегіз жылға сотталуы мүмкін

Роналду бір ойында бірнеше рекорд жаңартты