АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Франция құрамасы Ресейдегі футболдан әлем чемпионатының жартылай финалында Бельгия командасын ұтып, финалға шықты.
Санкт-Петербургте сенбі күні өткен кездесу 1:0 есебімен француздардың пайдасына шешілді. Самюэль Юмтити 51-ші минутта гол соқты, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Финалда Франция құрамасы сәрсенбіде болатын Англия мен Хорватия кездесуінде жеңіске жеткен командаға қарсы ойнайды. Ал ақтық ойын Мәскеуде 15 шілдеде "Лужники" стадионында өтпек.
Франция құрамасы әлем чемпионатының финалына тарихта үшінші рет жетіп отыр. Алғаш рет 1998 жылы өз елінде өткен чемпионатта бірінші орынға ие болса, 2006 жылы Германияда пенальти бойынша Италия құрамасынан жеңілген еді.
ӘЧ-2018 туралы бүкіл ақпаратты Sputnik материалдарынан оқыңыз