Қоғам

Сағынтаев "іскер" министрлердің әрекетін қалжыңға айналдырды

Енді көмір мәселесіне инвестициялар және даму министрлігі жауапты болады
Sputnik

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "іскер" министрлер туралы қалжыңдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов министрлерге көмірді қазірден бастап шығара беруді ұсынды.

Сағынтаев "7-20-5" бағдарламасына қатысты Ұлттық банкке тапсырма берді

"Тағы бір мәселе – көмір. Былтырғы жылғы жағдай қайталанбас үшін биыл Шұбаркөл разрезінде көмір жеткілікті. Біз басқа облыстармен бірігіп, кестесін жасадық. Сондықтан әріптестеріме өтінішім, сол кесте бойынша қазірден бастап көмірді шығара берген дұрыс болады", — деді Қошанов. 

Үкімет басшысы энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа мәселені бақылауға алуды тапсырды. 

"Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, осы айдан бастап бұл мәселемен басқа министрлік айналысады", — деді Бозымбаев. 

Сағынтаев көмір мәселесіне енді инвестициялар және даму министрлігі жауапты екенін нақтылады. 

"Қайырбек Айтбайұлы (инвестициялар және даму вице-министрі – ред. ескертп.), сізге ысырып тастапты ғой", — деп күлді премьер. 

"Іскер министрлер солай жұмыс істейді. Пайдасыз нәрсені шығарады, пайдалысын қалдырады", — деп қалжыңдады Сағынтаев.

 1 шілдеден қазақстандықтардың өмірінде 10 өзгеріс болады

 Назарбаевтың мұрагері кім болады: отбасы мүшесі ме, билік элитасы ма? 

Сағынтаев баяндамада жазылғаннан басқаны білмейтін вице-министрге шүйлікті