АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Автобус жолаушысы көлік астына түсті, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Оқиға Момышұлы көшесінде, Жұбанов көшесіне жетпей болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, 31-ші бағдарлы автобус Момышұлы көшесімен сол жақтағы шеткі жолақта оңтүстік бағытта кетіп бара жатады. Жұбанов көшесіне жетпей, жүргізуші қызылға тоқтап, жолаушыларды рұқсат етілмеген жерден түсірмек болған.
Сол кезде алдыңғы есіктен қыз түседі. Өтіп бара жатқан "Лада Ларгус" жүргізушісі тоқтап үлгермей, қатты жылдамдықпен қызды қағып кеткен. Әртүрлі жарақат алған қыз ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Алматыда Daewoo Nexia бар жылдамдықпен жүк көлігінің астына кіріп кетті