Үй жануарының көзіне ұзын сүйретпе етек қызық боп көрінді ме екен, үстіне шығып алып, сырғанағысы келіп кетіпті.
Бұдан бұрын Желіде өзге де мысықтар көрермен көзайымына айналған.
Мәселен, поляк тарихшысы әрі саясаттанушысы Ежи Таргальский сұхбат беріп жатқанда, Лисио есімді мысығы күтпеген жерден иығына секіріп шықты.
Латыш мысықтары да кадрға түсіп қалудан жасқанбайды. Рига әкімшілігінің ғимаратында тұратын екі мысықтың бірі тікелей эфир кезінде Латвия астанасының мэрі Нила Ушакованың кабинетіне кіріп келіп, үстелде тұрған ыдыстан су іше бастаған болатын. Қала басшысы мысықтың бұл қылығына түсіністікпен қарады.