АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Футболдан Ресей құрамасы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Хорватиядан жеңіліп қалды.
Негізгі ойында Ресей құрамасының ойыншысы Денис Черышев (ойынның 31-ші минуты) пен хорваттық Андрей Крамарич (39-шы минутта) бір голдан соқты. Қосымша уақытта 101-ші минутта Игорь Акинфеевтің қақпасына Домагой Вида гол кіргізді, ал 115-ші минутта Марио Фернандес есепті теңестірді.
Пенальти сериясында хорваттар жағынан Марсело Брозович, Лука Модрич, Домагой Вида және Иван Ракитич гол соқты. Ал ресейліктерден Алан Дзагоев, Сергей Игнашевич және Далер Кузяев қарсыластарының қақпасына гол кіргізе алды.
Хорватия құрамасының қақпашысы Даниел Субашич матч кезінде жарақат алды, бірақ соңына дейін ойнады.
Сочидегі "Фишт" стадионында ойынды 44 мың 287 адам тамашалады. Матчқа Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович пен Ресей премьері Дмитрий Медведев қатысты.
Хорваттардың бапкері Златко Далич өз командасының жеңісінен кейін көз жасына ерік берді.
Мәскеуде 11 шілдеде Хорватия құрамасы жартылай финалда Англиямен кездеседі.