Сұхбатты голландтық NTR телекомпаниясы түсіріп жатқан. Таргальский Польшадағы саяси күрделі жағдайды айтып жатқан кезде иесінің иығына оның мысығы шығып алады. Тарихшы күліп жібермей, сұхбатын жалғастырады. Бірақ бетін сипаған сары мысығының құйрығын бірнеше рет алып тастауға тура келеді.