Оқиға

Астана – Бурабай автобанында үш көлік соқтығысты – видео

Астана маңында тасжолда жол талғамайтын көлік, минивэн және жеңіл көлік соқтығысты
Sputnik

КӨКШЕТАУ, 7 шілде – Sputnik. Астана – Бурабай тасжолында ірі жол апаты болды, үш көлік соқтығысты, деп хабарлады Sputnik-ке өңірдің ішкі істер департаменті.  

Оқиға автобанның 75- километрінде болды. Полиция Volkswagen Т4 минивэні, Gelandewagen және Kia Rio соқтығысқанын хабарлады. Минивэн аударылып қалған, ал қалған көліктер қатты зақымданған. 

 

 

Құдай сақтап жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, тиісті сараптама тағайындалды.