Саясат

Татарстан президенті: Ресей құрамасы жеңсін деп Жаратқанға жалбарынамыз

Татарстан басшысы Рустам Минниханов Sputnik-ке берген сұхбатында Қазақстан мен Татарстанның ғарыш саласындағы ынтымақтастығы жайында қандай жоспарлары бар екенін айтты, сондай-ақ Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатынан алған әсерімен бөлісті
Sputnik

АСТАНА, 7 шілде — Sputnik. Үшінші шілдеде Татарстан президенті Рустам Минниханов Astana Finance Days аясында халықаралық ислам экономикасы форумына қатысу үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді. Sputnik тілшісі Татарстан басшысымен Қазақстанмен бірлескен жобалар, татар диаспорасы мен футболдан әлем чемпионаты жайлы сұхбаттасты.

Елбасы Татарстанға сіңірген еңбегі үшін орденмен марапатталды

"Байқоңыр аумағында өндірісті дамытуға мүмкіндік бар. Таяуда ғана Татарстаннан оралған Нұрсұлтан Әбішұлы үкіметке осы аумақта газ құбырларына арналған қозғалтқыштар, сығымдауыш қозғалтқыштар өндіру бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға тапсырма берді, біз премьер-министрлермен сөйлестік. Бүгін біз құрамында 64 адам бар делегациямен келдік, үкімет мүшелерімен, Бақытжан Сағынтаев, Асқар Маминмен келіссөздер жүргіздік, бизнес-форум өткіздік. Қазір жол картасына қол қойып жатырмыз. Тамызда қазақстандық әріптестерімізді өз елімізде күтеміз. Қазақстан, Татарстан және Ресей арасындағы болашақ жобалар барлық тарапқа өзара тиімді", — деді Татарстан президенті.

Астанаға Назарбаевтың есімін беру қайта ұсынылды>> 

Рустам Минниханов әңгіме арасында Қазақстандағы татар диаспорасына қатысты жобалар мен арнайы білім беру бағдарламалары туралы айтты.    

"Біріншіден, бізде әлемнің кез келген түкпіріндегі татар ұлты өкілдерінің өкілдерімен жүйелі түрде жұмыс істейтін Дүниежүзілік татар конгресі бар. Қазақстан мен Өзбекстан – татар диаспорасы бар екі ірі мемлекет. Біз олармен тығыз байланыс жасаймыз, бізде телевизиялық және интернет бағдарламалар, ана тілін дамыту бойынша оқыту бағдарламасы, көптеген әдебиет пен оқу құралы бар. Біз олармен байланыс орнатуға тырысамыз, әрбір сапар татар ұлтының өкілдерімен кездесуге мүмкіндік береді", — деп толықтырды  ол. 

Татарстан президенті Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Қазан қаласының рөлі жайлы айта келе, Ресей президентіне алғысын жеткізді.

Татарстан президенті сабан тойды Қостанайда атап өтеді

"Ел басшылығына алғысым шексіз, қиын кезде біздің президентіміз Владимир Путин Қазанда универсиада өткізу идеясын қолдады. Осы бағдарлама аясында көптеген нысан мен FIFA стандартына сәйкес футбол стадиондары салынды. Универсиада, жүзуден әлем чемпионатын, конфедерация кубогын өткізу футболдан әлем чемпионаты үшін дайындық кезеңі болды. Бұл оқиға барлық футбол сүйер қауым үшін нағыз сыйлық болды", — деді Рустам Минниханов.

Ол келесі ойын кезінде іссапарда болатынын жеткізді. Алайда қалай болғанда да ойынды теледидардан көрмек. Ал финалды Мәскеуге келіп көруді жоспарлап отыр екен. 

Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?>>

"Кез келген ел мұндай біріншілікті осындай деңгейде өткізе алмайды. Он бір қала қонақтарды қарсы алып жатыр. Мұнда инфрақұрылымның бәрі бар. Әлдекімдер бұл шығыны көп шара деп айтуы мүмкін, алайда Ресейге футболды дамыту үшін серпін керек болды.  Сонымен қатар барлық нысан біздің балаларымызға қалады. Біздің құрама бізге тағы бір жеңіс сыйлауы үшін барынша қолдау көрсетіп, Жаратқанға жалбарынамыз", — деп түйіндеді Татарстан басшысы.