АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Тәжікстанның Шаартуз ауданы прокуратурасы кемінде он шақты ер адамға ВИЧ инфекциясын жұқтырған жезөкше әйелдің ісін сотқа жіберген.
Centralasian.org прокуратураға сілтеме жасап хабарлағандай, айыпталып отырған 30 жастағы әйелдің екі баласы бар. Күйеуімен ажырасқаннан кейін тәнін сатып, пайда тапқан. 2014 жылдан бері ВИЧ/СПИД-ке қарсы күрес орталығында есепте тұрады екен. Ол ВИЧ инфекциясын жұқтырғанына қарамастан, жыныстық қызмет көрсетуді жалғастыра берген.
Тергеушілердің айтуынша, оның клиенттерінің арасында үйленбеген жас жігіттер және бірнеше отбасылы ер азаматтар бар. Олардың бәрі де Шаартуз ауданының тұрғыны.
Әйелмен кемінде 10 ер адам жыныстық байланыста болған. Бірақ олардың қаншасы ВИЧ инфекциясын жұқтырғаны жарты жылдан кейін анықталады екен.
Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ жұқтырған 135 балаға ауруы жайында хабарланды>>
"Біз есепте тұрған әр адамнан жазбаша түрде қолхат аламыз", — дейді ол.
Қазіргі кезде бір Шаартуз ауданында ВИЧ жұқтырған 90 адам есепте тұрады екен.