Жапон үкіметінің мәліметінше, елдің орталығы мен оңтүстік-батысында нөсер жауыннан кейін басталған су тасқынының салдарынан сегіз адам өліп, елуден астамы із-түзсіз жоғалды.
Адамдардың қазасына жергілікті тұрғындарды "шайып" әкеткен ағын су, сондай-ақ көшкін себеп болды.
NHK телеарнасы көшелер өзенге айналып, жолдардың бұзылғанын хабарлады. Үйлер қирап, көліктер аударылып қалған.
Құтқару жасақтарына 48 мың полицей, өзін-өзі қорғау күштерінің қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмылдырылды.