Оқиға

Алматыда үш жүк көлігі соқтығысты: жүргізуші көлік ішінде қысылып қалған

Кептелісте тұрған екі КамАЗ бен DAF жүк көлігі соқтығысып, бір адам зардап шекті
Sputnik

АЛМАТЫ, 5 шілде — Sputnik. Алматыда Қапшағай тас жолында үш жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, бірінші КамАЗ солтүстік бағытта Қапшағай тас жолымен бара жатып, кептелісте тұрып қалады. Оның артынан DAF жүк көлігі де тоқтайды. Ал соңдарында келе жатқан тағы бір КамАЗ кептеліс пайда болғанын көрмей қалып, бар жылдамдығымен DAF көлігін қағады, ол өз кезегінде алдында тұрған КамАЗ-ға соғылады.

1 / 3
Алматыда үш жүк көлігі соқтығысты
2 / 3
Алматыда үш жүк көлігі соқтығысты
3 / 3
Алматыда үш жүк көлігі соқтығысты

Жол апаты салдарынан "айыпты" жүргізуші көптеген жарақат алып, жатқызылды. Жүргізуші көлік салонына қысылып қалыпты, оқиға куәгерлері оны алып шыққан. 

Полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Рөлде ұйықтап кеткен: көліктің адамдарды басып кеткені видеоға түсіп қалды