Өңірлер

Алматыға жақын жерде саяжайларды су алып кетті

Жаңбырдан кейін өзен су аңғарынан асып, жайыла бастаған
Sputnik

АЛМАТЫ, 5 шілде — Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданында жаңбырдан кейін саяжайларды су басып кетті.

Петропавлда саяжайларды су басып кетті

Белгілі болғандай, шамамен 17.00 кезінде жаңбыр салдарынан ылди опырылып кетіпті. Ал саяжайлар тау бөктерінде орналасқан. Оқиға салдарынан Кіші Долан өзенінің аңғарын топырақ басып, өзен суы аңғарынан асып, саяжайларды алып кетті.

Алматы облысы төтенше жағдайлар жөніндегі қызметі хабарлағандай, төрт сағат ішінде су басу салдары жойылды.

Айта кетсек, биыл сәуір айында Көлсай шатқалы аумағында көшкін салдарынан жол жабылып, электр бағаналары бұзылған болатын.

Алматы облысында сел жүрді