Фото

Астанадағы стрит-арт: көшелердің көркін ашқан суреттер

Sputnik

Urban Art Astana 2018 фестивалі аясында қазақстандық және шетелдік суретшілердің қолынан шыққан стрит-арт туындыларының тұсаукесері өтті. 

Толығырақ фотолентадан тамашалаңыз.

1 / 8
Мұндай суреттерді әдетте "мурал" деп атайды, яғни ағылшын тілінен енгенде "mural" - қабырғаға салынған сурет дегенді білдіреді.
2 / 8
Граффитимен салыстырғанда, муралдарды заңға сәйкес, қала билігінің рұқсатымен салады. Мына бір тамаша өнер туындысы - Қазақ елінің символына айналған қар барысы - 187 көше бойындағы үйдің қабырғасына салынған.
3 / 8
Суретшілердің қиялы жүйрік қой, шіркін... Соның бәрін алуан түрлі түстермен халыққа жеткізуге тырысады. Суретші Константин Змоговтың қолынан шыққан мына бір мурал Есенберлин көшесіндегі үйді ажарландырып жіберді.
4 / 8
Фестиваль ұйымдастырушылары хабарлағандай, халықаралық комиссия 70-тен астам қатысушының ішінен 26 эскизді таңдап алған. Халықтың дауыс беруімен 7 мурал таңдалып, мінекей, қаланың көркін аша түсті. Суретте: қазақтың ақын-жазушысы Сәкен Сейфуллиннің бейнесі Сарыарқа көшесіндегі үй қабырғасына салынған.
5 / 8
Көздің жауын алатын муралдар осылайша пайда болады!
6 / 8
Елордалық қабырғаларға қолтаңбасын қалдырған суретшілер: Dourone, Cross командасы (Азамат Fuzer мен Алексей Kendy), Дамир Bozik Art, Константин Zmogk, Evgeny Ches, 310 арт тобы (Stepan Krasnov), Дмитрий Левочкин (Dmitriy Levochkin), Максим Реванш. Суретте Cross атты суретшілер тобының туындысы.
7 / 8
Мұндай қанық түсті, айшықты суреттер қаланың күйбең тіршілігінен жалыққан тұрғындарды қуантып, жадыраңқы көңілкүй сыйлайтыны сөзсіз.
8 / 8
Суреттерде, байқасаңыз, табиғат бейнесі кең пайдаланылған, өйткені суретшілер қала тұрғындарына адамзат пен табиғаттың етене жақын екенін көрсеткісі келеді.