Қоғам

"7-20-25" бағдарламасынан кейін баспана қымбаттай ма?

Ақышевтың пікірінше, жеңілдікпен берілетін ипотека баспана бағасына ықпал етпейді
Sputnik

АЛМАТЫ, 4 шілде — Sputnik. Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевтың пайымдауынша, "7-20-25" бағдарламасы Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығына әсер етпейді. Ол бұл пікірімен Алматыдағы брифинг кезінде бөлісті.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "7-20-25" схемасы бойынша ипотека береді>>

"7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека беріле бастады

"Баспана бағасының өзгеруі көптеген факторға байланысты – әуелі, баспана ұсынысы мен сұранысына тәуелді. Әлбетте, лайықты ұсыныс болса, сұранысты көбейткелі отырмыз, ал салушылар осы сұранысты қамтамасыз етуге әлеуетіміз жетеді дейді, демек осы тепе-теңдікті ескеретін болсақ, баспана бағасында қандай да бір өзгеріс болады деп ойламаймын, себебі нарықта сұраныс пен ұсыныс арасында айтарлықтай айырмашылық болмайды", — деді Ақышев тілшілердің сұрағына жауап беріп.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, "7-20-25" бағдарламасы аясында сатып алынатын баспана бағасына қойылатын шектеу нарықтағы тұрғын үй құнының артуына кедергі болады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша баспана алу үшін не істеу керек?>>

"Екіншіден, бағдарламада баспананың максималды құны белгіленген. Яғни, бағдарлама бойынша сатып алынатын пәтердің бағасы шектеулі. Біз қолжетімді баспананың орташа бағасын ескердік, сол себепті ең жоғарғы шек енгізілді. Бұл да жалпы баспана бағасының артуына кедергі жасайды", — деп түсіндірді Данияр Ақышев.

Айта кетсек, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы бойынша әр жұмыс істейтін қазақстандық несиеге баспана сатып ала алады. Қазақстандықтар келесі шарттармен ипотекалық қарыз алу мүмкіндігіне ие болмақ: несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан, бастапқы жарна — 20%-дан аспайды, несиені төлеу мерзімі – 25 жылға дейін. Ипотекалық бағдарлама бойынша несиелер тек ұлттық валютамен беріледі.

Мемлекеттік мекемелер өз қызметшілеріне баспана алуға пайызсыз қарыз береді>>

Баспана алу үшін зейнетақы қаржысын пайдалануға бола ма? Ақышев жауап берді>>