Қоғам

Министр оралмандардың еңбек өтілі неге есептелмей жүргенін айтты

Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, Қазақстан елге қоныс аударған қандастарымыздың еңбек өтілін толығымен есептеуге дайын, тек біраз қиындық бар
Sputnik

АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова оралмандардың еңбек өтілі неге есептелмей жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оның айтуынша, қазір министрлік бұл бағытта бірқатар елмен жұмыс жүргізіп жатыр.

Әбілқасымова Шелекте қаза тапқан үш адамның отбасына көңіл айтты

"Қазақстан оралмандардың еңбек өтілін толық есептеуге дайын. Бірақ, біраз қиыншылық  болып тұр. Мәселен, Қытайда еңбек кітапшасы жоқ екен. Соның салдарынан қандастарымыз еңбек өтілік көрсете алмай жүр. Мұны шешу үшін біз Қытайдың мемлекеттік органдарына арнайы хат жаздық. Бір келісімге келу үшін. Егер олар келісім берсе, еңбек өтілін толығымен санайтын боламыз", — деп сендірді ол. 

Әбілқасымованың айтуынша, бұл мәселе шешімін тапса, елге қоныс аударған оралмандар зейнетақыны ұлғайған мөлшерде ала алады. Министр қазір Қазақстанға қандастарымыз Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, тіпті Германиядан да көшіп келіп жатқанын атап өтті. 

Айта кетсек, осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда базалық зейнетақы төлеу тәртібі өзгерді. Бұдан былай базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. Базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 100%-ға дейін тағайындалады. 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысы өседі. Оның ішінде 1 миллионға жуық адамға базалық зейнетақы толық мөлшерде төленеді. Ал 930 мыңға тарта зейнеткер үшін зейнетақы 37%-дан 81%-ға дейін өседі.

Бекболат Тілеухан: Қытайдағы қандастарымыз қиналып жатыр>>

Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма? Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады>>