Экономика

Қазақстанның қай өңірінде баға жылдам өсіп жатыр?

Қазақстандағы тұтыну бағалары өсімінің рейтингі тауарлар мен қызметтер қымбаттап жатқанын көрсетті
Sputnik

 АЛМАТЫ, 4 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысы мен Астанада баға өзге өңірлерге қарағанда жылдам өсіп жатыр. Ranking.kz порталы Ұлттық экономика министрлігінің мәліметтеріне талдау жасады. 

Астанада ЭКСПО аумағындағы пәтерлердің бағасы белгілі болды

2018 жылдың алты айында елімізде тауарлар мен қызметтер орташа 2,6%-ға қымбаттаған. Салыстыру үшін айтсақ, өткен жылы бұл көрсеткіш 3,7% болған. 

Өңірлер арасында баға өсімі бойынша Маңғыстау облысы (айына 0,8% және жылына 7,3%) көш бастап тұр. Екінші орынға Астана (тиісінше 0,3% және 6,9%) жайғасқан. Үштікті тұтыну бағасы айына 0,4% ға, жылына 6,8%-ға өскен Қызылорда облысы түйіндеді.  

Қарағанды облысында осы айда баға мүлде өспеген, ал бір жыл ішінде 5%-ға шарықтаған. 

Биылғы жағдайды жылдық өсім 12,7%-ға жетіп, кейіннен Ұлттық банк жағдайды тұрақтандырған 2016 жылдағы дағдарыспен салыстыра қарауға болады.