Өңірлер

Қостанайда үшем дүниеге келді

Бірнеше күн бұрын Олег Алименконың отбасында үш қыз дүниеге келді, алайда енді олар тұрғын үй мен қаржыдан таршылық көріп отыр
Sputnik

АЛМАТЫ, 3 шілде — Sputnik. Қостанайда үшемнің ата-анасы қалалық әкімдіктен көмек сұрады. Отбасы баспанадан таршылық көріп отыр, сондай-ақ жаялықтар мен балалар қоспасы жетпейді екен.

Оңтүстік Қазақстанда тағы бір үшем дүниеге келді

Полина, Софья және Варвара 29 маусымда туды. Әкесі Олег Алименконың айтуынша, жұбайы Анна екеуі үшемнің ата-анасы болатынын кездейсоқ білген, деп хабарлады "Алау ТВ".

"Ультрадыбыстық зерттеу жүргізген дәрігер сіздердің үш балаларыңыз болады, құттықтаймын деді. Есеңгіреп қалдық, қатты қуандық, алайда қалайша бірден үш бала біткенін түсінбей дал болдық. Екеудің де отбасымызда егіз, үшем деген болмаған", — дейді Олег Алименко.

Қыздар кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Олардың бірі жан сақтау бөлімінде жатыр.  

"Қазір көмекке қатты мұқтажбыз. Барлығы – әжелері мен аталары көмектесіп жатыр. Үш балаға жаялық, қоспа керек. Ана сүті үш балаға бірдей жетпейді. Мемлекетке бірден үш азамат сыйладық. Әкімдік тұрғын үй беріп, көмектессе екен", — дейді қыздардың әкесі.

Оңтүстік Қазақстанда үшем дүниеге келді 

Олег Алименконың отбасы ата-анасы және қарындасымен бірге тұрады. Оның айтуынша, тап-тар үйдің тіпті балконы да жоқ екен. Балалардың жаялығын кептіретін жер жоқ. Бақытты әке автоэлектрик болып жұмыс істейді – қазір ол отбасының жалғыз асыраушысы.