Оқиға

Жезқазғанда желдеткішті тазалап жатқан жұмысшы қаза тапты

Оқиғаның мән-жайын кәсіпорында арнайы құрылған комиссия анықтайды
Sputnik

АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Kazakhmys Smelting мыс қорыту зауытында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сантехник қоймалжың құдығына түсіп қаза тапты

Қайғылы оқиға жексенбі 1 шілде күні күкірт қышқылы цехі аумағында болыпты.

"Желдеткішті тазарту кезінде шаң мен газ тазалаушы қондырғының операторы жарақат алып, қаза тапты. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиғаны тергеу бойынша арнайы комиссия құрылған", — деп түсіндірді баспасөз қызметінің басшысы Владимир Магай.

Компания басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Павлодар облысында жұмысшы топырақ астында тұншығып қалды>>

Петропавлда құрылысшы бетон араластырғыштың ішіне түсіп қаза тапты>>