Өңірлер

Семейде екі жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге үкім шығарылды

Айыпталушы екі жыл алты айға бас бостандығынан және жүргізушілік құқығынан айырылады
Sputnik
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Семейде екі жасөспірімнің өліміне себепкер болған жүргізушіге үкім шығарылды, деп хабарлады altaynews.kz.
Қостанайда 29 жастағы қыз екі баланы қағып кетті
Естеріңізде болса, Семейде он үш жастағы екі бірдей жасөспірім жантүршігерлік жол-көлік оқиғасының құрбаны болған. Ауыр жарақат алған оқушылар жан сақтау бөліміне жеткізілгенмен, тым кеш еді. Екеуі де сонда көз жұмған. Бірі тіпті тіл тартпай кеткен болатын.
Сот отырысы барысында жүргізуші жылдамдықты асырғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасының себебі осында болып отыр. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот оған абайсызда кісі өліміне себепкер болды деген айып тақты.
"Айыпталушы екі жыл алты айға бас бостандығынан және жүргізушілік құқығынан айырылады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", – деп хабарлады Семей қалалық №2 сотының баспасөз қызметі.
Алматыда бес көлік апатқа ұшырап, екі бала зардап шекті>>