Өңірлер

Түркістан облысында көне дәуірлердегі таңбалы тастар табылды

Қазба жұмыстарын жүргізген археологтар бұл аймақтан сондай-ақ өңделмеген алтын сынықтарын да кезіктірген
Sputnik

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Түркістан облысынан неолит, қыпшақ дәуіріне жататын тарихи тастар табылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Павлодар облысында археологтар көне заман жауынгерінің сүйектерін тапты

Сырлы Созақ ауданында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар бұл аймақтан сондай-ақ жерлеу орындары мен өңделмеген алтын сынықтарын да кезіктірген. Таңбалы тас тарихи құнды жәдігерлері облыстық тарихи өлкетану мұражайында өткен баспасөз мәжілісінде таныстырылды.

Таңбалы  тас Қызылорда, Қарағанды және Түркістан облыстарының шекарасы түйіскен жерде орналасқан.

"Өткен жылы бізде жұмысшы тобы құрылып, 104 нысан іріктеліп алынды. Оны "Рухани жаңғыру" кеңсесіне ұсындық. Тиісті ғалымдар зерделеп, біздің облыстан 26 нысан республикалық тізімге ензіліп отыр. Осы тізімнің ішінде Созақтағы таңбалы тас та бар", — дейді облыстық мәдениет және  тілдерді  дамыту  басқармасы  басшысының  міндетін атқарушы Асылхан Темірхан. 

Көне Сарайшық қалашығы ашық аспан астындағы музейге айналмақ>>

Қазба жұмыстарының бел ортасында жүрген археолог, "Мәдени  мұра"  ғылыми  зерттеу  орталығының  ғылыми қызметкері Сағымбай Мұрғабаевтың айтуынша, Таңбалы тас аумағында тарихи 4 нысан анықталып отыр. Алдағы уақытта осы аумаққа туристік бағыттар белгіленбек.

Назарбаев ғылым мен техника саласындағы сыйлықты кімдерге берді?>>