Қоғам

Қапшағайдағы төбелес кезінде абайсызда кісі өлтірген жігіт бостандыққа шықты

Қапшағай соты Александр Кузнецовтың өтелмеген жазасын қомақты айыппұлға алмастырды
Sputnik

АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. "Чукотка" бары алдындағы төбелес үшін сотталған Александр Кузнецовтың жазасын алмастыру туралы өтініші сот шешімімен қанағаттандырылды.

Қапшағай қалалық соты Кузнецовты бостандыққа шығаруға шешім қабылдады.

"Кузнецов Александр Михайловичтің өтелмеген 5 жыл жаза мерзімі ҚР ҚК 73-бабы 3-тармағына сәйкес айыппұлға алмастырылды: төрт күн үшін 1 АЕК, яғни жалпы сомасы 1 097 281 теңге", — делінген Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне ұсынған қаулыда.

Кузнецов Алматы облысы Заречный ауылынлағы 155/14 колониясында жазасын өтеп жүрген.

Сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйел бостандыққа шықты

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы "Чукотка" барының жанында болған төбелесте Александр Кузнецов Сырым Мұратқалиевті абайсызда өлтірген.

Бірінші инстанция соты Александр Кузнецовты абайсызда кісі өлтіргені үшін айыпты деп танып, 1,5 жылға соттаған еді. Ал Кузнецов өзін қорғамақ болғанын алға тартып, ақталуын жалғастырды, өйткені Мұратқалиевтің қолында пышақ болған.

Апелляциялық сот коллегиясы Кузнецовты айыпты деп танып, ол сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

2017 жылы Қазақстанның Жоғары соты бұл үкімді қайта қараудан бас тартты.