Спорт

Фотодерек: Ресей футболшылары алаңға жан тебірентер баннер алып шықты

Ресей туының түстерімен боялған баннерде "Сіздер үшін ойнаймыз" деп жазылған
Sputnik

АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Ресей құрамасының футболшылары 1/8 финалда Испания командасын жеңген соң, жанкүйерлеріне алғыс білдіріп, алаңға ерекше плакат алып шықты.

Матч біте салысымен, әлеуметтік желілерде жеңіс тойын тойлаған жанкүйерлердің жүрек жарды посттары тарай бастады. Фанаттардың қуаныштан төбелері көкке жетіп, спортшыларға үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін дән риза болды.

​Футболшылар да, өз кезегінде, алаңға "Сіздер үшін ойнаймыз" деген баннер алып шығып, көрермендерді одан бетер тебірентіп жіберді.

Ресейдің келесі қарсыласы: Хорватия құрамасы Дания командасын ұтты>>