Қоғам

Байқоңырда әлеуметтік желі пайдалануға тыйым салынды

Ғарыш айлағының қызметкерлері қызметтік хабар алмасу үшін ұжымдық электронды пошта қызметін ғана пайдаланады
Sputnik

АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағында жұмыс уақытында жұмыс компьютерлерімен де, жеке гаджеттермен де әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды. Бұл ақпараттың жайылып кетуінің алдын алу мақсатында жасалған, делінген ғарыш айлағының директоры Евгений Раковскийдің өкімінде, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей елшісі: Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының болашағы зор

"Қызметтік ақпараттың жайылып кетпеуін, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау мақсатында филиал қызметкерлеріне жұмыс кезінде әлеуметтік желілерге және жедел хабар алмасу жүйелеріне кіру үшін жеке ұялы телефондары мен планшеттерін пайдалануға тыйым салынады", — делінген құжат мәтінінде.

Құжатта әлеуметтік желілер тізімі мен Telegram сияқты мессенджерлер атауы көрсетілген.

Қызметтік хабар алмасу үшін ұжымдық электронды пошта қызметін пайдалану талап етіледі, делінген өкімде.

Ресей, Германия және АҚШ азаматтары Байқоңырдан ғарышқа сапар шекті>>

Атамқұлов "Байқоңырдан" әскерилердің шығарылуына қатысты түсініктеме берді>>