АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Хорватия құрамасы 1/8 финалда пенальти бойынша Дания командасын ұтып, ширек финалда ресейліктерге қарсы шығады, деп хабарлайды Sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
ӘЧ-2018. Хорватия-Дания матчы
© Sputnik / Максим Блинов
Жексенбі күні Нижний Новгород қаласында өткен кездесудің негізі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Даттардан Матиас Йоргенсен бірінші минутта көзге түссе, есепті 4-минутта хорватиялық Марио Манджукич теңестірді.
ӘЧ-2018. Хорватия-Дания матчы
© Sputnik / Григорий Соколов
Қосымша берілген уақытта қақпаны қос команда бағындыра алмай, ал пенальти тебу бойынша хорваттықтар 3:2 есебімен алға шыққан.
Ширек финалда Хорватия мен Ресей құрамалары 7 шілде күні Сочи қаласында ойнайды.