АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Астанада 1 шілде күні дүниеге келген балалар өзінің алғашқы сыйлығы – домбырасын алып үлгерді. Елордадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы қала әкімдігімен бірлесіп екі перзентханада "Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра" атты қайырымдылық акциясын өткізді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Акция мемлекет басшысының жарлығымен осы жылдың шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық домбыра күніне байланысты өткізіліп отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның басты мақсаты – қазақтың ұлттық аспабы домбыраны кеңінен насихаттау арқылы ұлттық мәдениетті жаңғырту және сақтау идеясының төңірегінде қоғамды ауызбіршілікке шақыру. Астанада перзентхана орталығында сағат 00.00-ден бастап 00.09-ға дейін 29 бала дүниеге келді.
"Баламның дәл осы күні дүние есігін ашқанына қуаныштымын. Көңіл бөліп, күтпеген жерден домбыра сыйға тарту еткендеріңізге көптен көп рахмет. Қазақ үшін домбыра қасиетті аспап болып саналады", – деді Жібек Ақанақ.
Назарбаев Қазақстанда жаңа мереке пайда болғанын мәлімдеді>>
Мерекелік іс-шара бүгін еліміздің барлық жерінде аталып өтіп жатыр. Бүгін Астанада "Қазақ елі" монументінің алаңында халықтық серуен өтеді, киіз үйлер орнатылып, музейдегі ұлттық музыка аспаптары қойылады. Музейде ұлы тұлғалар мен танымал музыканттар ойнаған аспаптар ұсынылады. Бұдан басқа, дүйім домбырашылардан жиналған жалпы концерт өтеді.
Қазақстан алғаш рет Домбыра күнін атап өтіп жатыр>>