Әлем

Күзетші көлігіне жылынып алуға отырған 12 жасар қызды зорлап тастады

Ыстықкөлде 12 жасар қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды. Сотталушы интимдік қарым-қатынасқа қыздың өз еркімен түскенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Өткен бейсенбіде, 28 маусым күні Ыстықкөл аудандық соты 53 жастағы ер адамды 12 жасар қызды зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Ыстықкөл облыстық соты баспасөз хабарламасын таратты. Ер адам ҚР ҚК "Зорлау" бабы бойынша сотталды, деп хабарлады kaktus.media.

Көкшетауда оқушы қызды зорлап кетті

Алдын ала мәліметтер бойынша, қызды "Рух Орда" кешенінің маңында зорлағаны айтылды. Ер адам бірден қолға түсті. Ол 1965 жылы дүниеге келген, сол маңайда күзетші болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын болып шықты. 

Ер адамның айтуынша, қыз оқыс оқиға болған күні сағат 20:00 шамасында өзінің мұздағанын айтып, жылыну үшін көлігіне отырған. Араға біраз уақыт салып ол қызды жұмыстағы күзет бөлмесіне апарып, шай береді. Осыдан кейін екеуі интимдік қарым-қатынасқа түседі. Ойын жүзеге асырған соң қызды үйіне апарады. 

Сотталушы жыныстық қатынасқа ортақ келісім бойынша түскенін айтып отыр.