Ұшақ бортында 54 жастағы Грег Боаз бен оның 48 жастағы әйелі Джулия, ұлы Пейтон болған. Кей деректерге сүйенсек, ұшақтың шассиіне зақым келіп, жанармайы таусылған. Cessna жерге қонар кезде ағаш пен электр желісіне тиіп кетіп, жерге құлайды да, бірден өртеніп кетеді. Ұшқыш пен әйелі қаза тапты, ал жасөспірім ұшақтан аман шыққан. Жұрт қаумалап, отқа оранған ұшақ қалдықтарын видеоға түсіре бастапты.
Видеоны WXYZ-TV Detroit жергілікті арнасы Facebook желісінде жариялады.