АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. Бір дәрігерге қаралу медициналық көмектің сапасын жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге ерте өлу тәуекелін төмендетеді. Осындай қорытынды жасалған зерттеу BMJ Open журналында жарияланды.
Эксетер және Манчестер университетінің ғалымдары тоғыз елде жүргізілген 22 ауқымды зерттеудің мәліметтеріне талдау жасаған.
Ақылды және ұзақ өмір сүретін адамдар қай айда дүниеге келетіні анықталды>>
Денсаулық сақтау жүйесіндегі және ақпаратты жинау үшін пайдаланылған тәсілдердің айырмашылығына қарамастан ғалымдар зерттеулердің басым бөлігі (81,8 пайызы) үздіксіз бір дәрігерге қаралып, ем қабылдау мен өлім-жітімді төмендетудің арасындағы байланысты көрсетіп отыр деген қорытындығы келген.
Зерттеу авторларының пікірінше, медицинадағы бүгінгі техникалық жетістіктерге қарамастан пациенттерді емдеуде адами фактор әрқашан маңызды рөл атқарады.