АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда Геннадий Головкиннің жекпе-жегін өткізу мәселесі пысықталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айта кетсек, бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев WBC, WBA (Super), IBO тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкинмен кездесті. Журналистер Астанада өткен баспасөз мәслихатында Мұхамедиұлынан Қазақстанда GGG-дің жекпе-жегін өткізу жоспарда бар ма деп сұрады.
"Кездесуге мен де қатыстым. Біз бірлесіп бұл мәселені пысықтадық. Головкин де өз елінде жекпе-жек өткізгісі келеді. Бұл шынымен өте қажет. Мәселен, Ресейде футболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр, Олимпиада ойындарын өткізуге әлем елдері кезекте тұрады. Біз де Головкиннің жекпе-жегін көбісі өткізгісі келетінін білеміз. Осы тұста мен Геннадийге рақмет айтқым келеді, ол өзінің жекпе-жектерін Қазақстанда өткізуді қалайды", — деді Мұхамедиұлы.
Оскар де ла Хойя "Канело" – Головкин жекпе-жегіне болжам жасады>>
"Біз жеке кездесіп, біраз мәселені талқыладық. Одан кейін бұл мәселе менеджерлермен пысықталады. Қазір Геннадий үшін 15 қыркүйектегі жекпе-жек өте маңызды. Бұл жекпе-жектен кейін оның бірнеше жоспары бар, біз бірлесіп жүзеге асырамыз. Қазір келіссөз жүріп жатыр", — деді ол.
Мұхамедиұлы Головкиннің нағыз патриот екенін тағы бір мәрте айтты.
"Мен үнемі айтып жүремін: өз елін шексіз сүйетін адам – ол Головкин. Әр жекпе-жегінде қазақтың шапанын киіп шығады, ешқашан тастаған емес. Өзі туған Майқұдықта өз ақшасына спорт орталығын салды. Спорт әлеміне енді ғана аяқ басқандар орталықта тегін жаттыға алады", — деді министр.
Атақты боксшының бапкері Головкин "Канелодан" жеңіліп қалғанын айтты>>