Өңірлер

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

30 маусым – 2 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Астана мен төрт облыста дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның батыс облыстарындағы антициклон және оның ықпалынан болатын жауын-шашынсыз, өте ыстық ауа-райы әлі де сақталады. 

Күндізгі температура мұнда бұрынғыдай плюс 35…43°С. 

Ал Қазақстанның солтүстігіндегі циклон шығысқа ығысып келеді, сондықтан алдағы үш тәулікте нөсер жаңбыр мұнда енді болмайды. 

Өткінші жаңбыр мен екпінді жел тек солтүстік облыстарда ғана емес, шығыста да, оңтүстік-шығыс пен республиканың орталығында да сақталады.