Спорт

2018 жылғы әлем чемпионатында голдардың саны бойынша екі рекорд орнатылды

Топтық кезеңде автоголдардың саны және бір ойын күнінде соғылған голдардың саны бойынша рекорд орнатылды
Sputnik

АЛМАТЫ, 29 маусым — Sputnik. Ресейдегі футболдан әлем чемпионатында екі, атап айтқанда, турнирдегі автоголдардың саны және бір ойын күнінде соғылған голдардың саны бойынша рекорд орнатылды, деп хабарлады РИА Новости. Жұрт назарын аударған тағы бір рекорд тіркелді, алайда ол "сары қағазға" қатысты.

ӘЧ-2018: Ресей алғаш болып әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

 2018 жылғы әлем чемпионатында қазірдің өзінде сегіз ойыншы өз қақпасына гол соқты. Осылайша, 1998 жылғы Франциядағы әлем чемпионатының "жетістігі"артта қалды. Ол кезде алты автогол соғылған болатын.    

Жетінші атогол Мексика құрамасының қорғаушысы Эдсон Альвареске тиесілі. Ол бұл допты Швеция құрамасымен айқас кезінде соқты. Сегізінші автогол  Швейцария мен Коста-Рика құрамаларының кездесуі кезінде тіркелді.  

Екінші рекорд бір күн ішінде соғылған доптардың санына қатысты. 24 маусымда әлем чемпионатының үш ойынында 14 гол соғылды.  

Тағы бір рекордқа Мексика мен Шведция құрамаларының ойынында қол жеткізілді. Мексика құрамасының қорғаушысы  Хесус Гальярдо матчтың 15-ші секундында "сары қағаз" алып, жанкүйерлердің есінде қалды.

Мысыр – Сауд Арабиясы матчының комментаторы ойын кезінде көз жұмды>> 

ӘЧ-2018: 95-минутта соғылған гол немістерге жеңіс сыйлады>>