Өңірлер

Қостанайда қонағын балталап өлтірген әйелге жеңіл жаза берілді

Елена Жұмабаева балтаны алып, зардап шегушінің басынан алты рет ұрған. Ер адам тіл тартпай кеткен
Sputnik

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Қостанайда 32 жастағы төрт баланың анасы қасақана адам өлтіргені үшін сегіз жылға сотталды, деп хабарлады alau.kz. 

ШҚО-да 23 жастағы жігіт жас қызды ұрып өлтірді

Қылмыстық іс материалына сүйенсек, қылмыс осы жылдың 5 наурызында Қарасу ауылында жасалған. Кешке Елена Жұмабаеваға таныстары – ер адам мен әйел қонаққа келеді. Олар асханада бірге ішімдік ішкен. Қонақ әйел кішкентай қызымен түн ортасында үйіне кеткен, ал мас қонақ үйдің дәлізінде қалып қойған. 

Үй иесі балаларды ұйқыға жатқызып, есікті жауып келуге сыртқа шығып, еденде жатқан ер адамды көреді. Ол оны шығарып жіберу үшін оятып, орнынан тұрғызбақ болған. Алайда қонақ кеткісі келмей, екеуінің арасында жанжал шығады. Салдарынан Жұмабаева балтаны алып, зардап шегушінің басынан алты рет ұрған. Ер адам тіл тартпай кеткен. Сот Жұмабаеваны кінәлі деп тауып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Шымкентте бүтіндей бір отбасын аяусыз өлтірген жігітке сот үкімі шықты>> 

 "Жұмабаеваға сот барынша жеңіл жаза берді. Сот оның кінәсін жеңілдететін барлық жағдайды – тұрғылықты жерінен алынған мінездемені, кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Сотталушының мас күйінде болғаны қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай ретінде қарастырылды. Қылмыс жсалғанға дейінгі және кейінгі іс-әрекеті, істеген ісіне өкінетіні ескерілді", — деп атап өтті судья Алтынай Сағындықова.  

Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді>>