АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Кіші Флойд Мэйвезердің бапкері Джефф Мэйвезер орта салмақтағы WBA/WBC/IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело"Альвареспен алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды деп есептейді. Бұл туралы Sports.kz жазды.
Жекпе-жек тең аяқталды, дегенмен журналистер мен жанкүйерлердің басым бөлігі Головкин жеңді деген пікірде болды. Енді боксшылар 15 қыркүйекте қайта айқасады.
"Бокс жанкүйері ретінде бұл жекпе-жекті [Головкин — Альварес II] әлі де көргім келеді, өйткені алғашқы кездесуде кім жеңгені туралы пікір екіге бөлінді. Өз басым "Канело" жеңді деп есептеймін, оңай жеңді, бірақ көп адам GGG басым түсті деп топшылап жүр. Ал бұл қызығушылық тудыруда. Головкинге соққы дарыту өте оңай болды, мен үшін бұл қисынсыз нәрсе. Ол "Канелоға" жекпе-жек бойы бар-жоғы 3-4 соққы жасады, ал уақыттың басым бөлігінде ештеңе істеген жоқ. Иә, ол шабуылдады, бұл үшін оған лайықты баға беру керек, алайда ол бастысы емес. Флойдпен жекпе-жек өткізгендердің барлығы шабуылдайтын, сондықтан менің көзқарасым бойынша, Головкин ештеңе істеген жоқ. Жекпе-жекті менімен бірге отырып тағы үш адам көрді, олар GGG-ді жақсы көреді, бірақ олар да мен секілді "Канело" жеңгенін айтты", — деді маман Fight Hype баслымына берген сұхбатында.