АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Астана тұрғындары мен қонақтары ертеңнен бастап үш күн бойы екіқабатты экскурсиялық автобустармен тегін саяхаттайды.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Астананың 20 жылдығына орай, 29, 30 маусым және 1 шілде күндері елорда тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" автобустарымен Астананың сол жағалауын тегін аралайды.
"Экскурсия "AiLand" (океанариум) ойын-сауық орталығы мен "Hilton Astana" қонақ үйінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс – қазақ тілінде, екінші рейс – орыс тілінде жүргізіледі)", — делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.
Экскурсияны тек бір тілде тыңдағысы келетіндер өзімен бірге құлаққап алып келуі керек. Серуен кезінде құлаққап берілмейді.
Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99.
Елордамызда жаңа гармошка-автобустар пайда болады>>
Алматыда жыл соңына дейін 550-ден астам жаңа автобус пайда болады>>