АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Қостанайда сот өзге еркектің баласын тәрбиелеп жатқанын бірнеше жылдан кейін білген Қазақстан азаматының ісі қаралды.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ер адам 2012 жылы үйленген, алайда үш жылдан кейін ажырасып кетеді. Ерлі-зайыптылар некеде болған уақытта қыз бала дүниеге келген.
Ажырасқаннан кейін ер адам ай сайын алимент төлеп қана қоймай, баламен қарым-қатынасын үзбеген, демалыс күндері үйіне алып кетіп жүрген.
ДНҚ анализіне дау айта алмайсың
2017 жылдың желтоқсанында бұрынғы әйелі күйеуге шығатынын айтып, баладан бас тартуын өтінген. Ер адамғ қыздың әкесі шынымен мен бе деп күдіктене бастайды. ДНҚ анализінің нәтижесі бекер күдіктенбегенін көрсетті: баланың туған әкесі басқа адам болып шықты. Ашылған шындық ер адамды ғана емес, осы жылдар ішінде немересіне бауыр басып қалған оның әке-шешесін де есеңгіретіп тастады.
Ер адам сотқа шағымданып, бұрынғы әйелінен 350 мың теңгеден астам ақша өндіруді, алимент төлеу міндетінен босатуды, сондай-ақ ресми құжаттардан баланың әкесі екені туралы мәліметтерді алып тастауды талап етті.
Дегенмен сотта тараптар татуласып, ер адам талаптарынан бас тартты, ал оның бұрынғы әйелі оған 502 теңге көлеміндегі негізсіз төленген қаржыны қайтаруға міндеттелді.