Қоғам

Қытай Қазақстанға үш миллион доллардың "алтын көпірін" сыйға тартпақшы

Астанада кәріптастан (Янтарь) жасалған монумет бой көтереді, ол Ұлы Жібек жолы елдеріне кіретін 50 мемлекетті сипаттайды
Sputnik

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Астанада Қытай сәулетшісі Шун-лидің "Алтын көпір" деп аталатын монументі салынады. 

Елорда Инфо хабарлағандай, құны 3 миллион доллар болатын сәулет туындысы демеушілердің есебінен қаржыландырылады.

Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей бейнеүндеу жариялады

"Бүгінгі күні "Алтын көпірдің" идеясы – ол мыңжылдық көпір. Шын мәнінде ондай көпір бар. 1000 жыл бұрын салынған. 2017 жылы Бейжіңде "Бір белбеу – бір жол" форумы өтті. Сол форумның қатысушылары Жібек жолы елдерінің символы алтын көпір болады деген шешім қабылдады. Бүгінгі күні сәулетші бізбен де, әкімдікпен де бірлесіп жұмыс істейді. Бұл жоба алдағы аптада Астанада өтетін форумда таныстырылады. Макеті форум өтетін жерге орнатылады. Ал сәулет туындысы бір жыл ішінде Сулы-жасыл бульвардың жалғасы ретінде "Хан Шатыр" ОСО арғы жағына орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы жер. Келесі жылы осы уақытта монументті көреміз деп үміттенеміз", — деді G-Global халықаралық хатшылығы жетекшісінің орынбасары Мұрат Қарымсақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Монумент кәріптас-алтын түсті, шамамен 20 мыңнан астам кірпіштен салынады. Ол Ұлы Жібек жолы елдеріне кіретін 50 мемлекетті сипаттайды. Сонымен бірге сәулетші бұл елдерді символы ретінде жібек гүлдерді ұсынды. Олар кәріптасқа салынады. 

Астанада кәріптастан салынатын көпірдің жобасы

Кәріптастан жасалған алтын көпір Жібек жолы халықтары достығының символына айналады. Сәулет туындысының бастапқы сомасы  шамамен 3 миллион долларды құрады. Әрі ол демеушілер мен сәулетшінің өз есебінен салынады. 

Шымкенттің миллион тұрғыны атынан Астанаға 20 аң-құс тарту етілді>> 

Айта кетейік, Астанада өтетін Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумы аясында аталған монументтің капсуласын салу салтанаты өтеді. Ал "Алтын көпір" монументі бір жыл бойы салынады деп жоспарланып отыр.