Өңірлер

Шығыс Қазақстанда шошқа бағатын депутаттың басы бәлеге қалды

Депутат Артем Бережнойдың шаруа қожалығы табиғатқа залал келтірген, кәсіпкерге айыппұл салынатын болды
Sputnik

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik.  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық қауіпсіздік орталығы депутат, әрі шаруа қожалығының иесі Артем Бережной Ұлан ауданындағы Восточный ауылын ластады деп шағымданған тұрғынға жауап қайтарды, деп хабарлады Алтайньюс. 

Депутат 10 сотық жерге қатысты: билік шындықты айтуы керек

Шағым бойынша экосақшы табиғатты қорғау прокуратурасына, артынша Ұлан ауданының ішкі істер департаментіне хабар берді. Жергілікті полиция инспекторы ауыл әкімімен берлесе жұмыс істей отырып, Артем Бережной залал келтірді деген аумаққа тазалау жұмыстарын жүргізсін деген үкім шығарды.

Депутат жүктелген міндетті толық орындаған. Алайда, ауыл тұрғынының шамына тиген шаруа қожалығының иесі құр тазалықпен ғана құтылмақ емес. Ол әкімшлік жазаға тартылып, ескертуден кейін 20 мен 100 АЕК аралығында әкімшілік айыппұл төлеуі тиіс. Бұл туралы мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Рүстем Шідердинов мәлімдеді. Ал дәл сол бассыздық бір жыл ішінде тағы қайталанар болса, айыппұл 40-тан 300 АЕК-ке дейін көтеріледі.