АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан тұрғындары алдағы Астана күнін тойлауға байланысты екі немесе үш күн демалады.
Биыл мереке күні – 6 шілде жұмаға сәйкес келіп тұр.
"Электронды үкімет" сайтында жарияланған меереке және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, одан кейінгі 7 және 8 шілде сенбі мен жексенбіге түседі. Яғни аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн – 6,7 және 8 шілдеде демалады.
Ал алты күн жұмыс істейтін азаматтарға 7 шілде жұмыс күні болып қалады, олар тек 6 және 8 шілдеде демалады. Жұмыс күндері ауыстырылмайды.
Биыл Қазақстан елордасы 20 жылдық мерейтойын атап өтеді.