Қоғам

Қасымбек Шудағы пойыз апатына не себеп болғанын айтты

Шу стансасындағы апаттан 12 жастағы бала көз жұмып, жиырмадан астамы зардап шеккен еді
Sputnik

АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Жамбыл облысында пойыздың апатқа ұшырауына қатысты жүргізіліп жатқан тергеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Шудағы пойыз апаты: Қасымов машинист ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

Министрдің айтуынша, вагондардың рельстен шығып кетуіне темір жолдың сапасыздығы себеп болған. 

"Бірнеше рет айтылды, апатқа жолдардың сапасыздығы себеп болған. Жолаушылар пойызы қарсы беттегі жүк пойызымен соқтығысты деген нұсқа қаралып отырған жоқ. Негізгі нұсқа – жолдардың жағдайы", — деді министр үкімет кулуарында.

Қасымбектің сөзіне сенсек, жолдарда жөндеу жұмыстары көктемде ғана жүргізіліпті. Журналистердің "енді кім кінәлі?" деген сауалына министр былай жауап берді. 

"Мен сіздерге осымен 20-шы рет айтып отырмын, кінәліні комиссия анықтайды. Ауа температурасы құбылғанда, рельстердің кеңейетін кездері болады. Бұл физика. Арнайы қызметтер мұны қадағалауы тиіс",- деді ведомство басшысы. 

Еске салып өтсек, 17 маусым күні Жамбыл облысында түскі бірлер шамасында Астана – Алматы бағытында жолаушылар пойызы апатқа ұшырады. Шу стансасында сегіз вагон рельстен шығып кеткен. салдарынан 22 адам зардап шегіп, 12 жастағы бала қаза тапты.

Сынған аяғынан сүйегі көрініп тұрды – Шуда аударылған пойыздың жолаушысы>>

"ҚТЖ" компаниясында пойыздың апатқа ұшырау себебін анықтау үшін комиссия құрылды. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев тергеу барысын жеке бақылауына алды.

Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?>>

Сағынтаев үкімет отырысын көңіл айтудан бастады>>